417
Қайғылы оқиға Бәйтерек ауданындағы Рубеженское аулында болған. Жайық өзеніне шомылмақ болған қыз судан қайтып шықпаған. БҚО ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, бұл жер жағажай емес, сондықтан мұндай жабдықталмаған жерде шомылуға болмайды. Қыздың денесін ауыл тұрғындары алып шығыпты.
Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын Шалқар көлінде тоғыз жастағы бала суға батып кетті. Құтқарушылар оның денесін үш күн бойы іздеп әрең тапты.