Батыс Қазақстан облысы: биыл киік саны миллионға жетуі мүмкін

Теги: ,
410

13-сәуірде өңірде киік санағы басталды. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары ақбөкендердің жыл санап көбейіп келе жатқанын айтады.

— 2019 жылы киелі жануарлардың саны 217 мыңға жуықтаса, былтыр 545 мыңнан асқан. 2023 жылға дейін ақбөкендерді аулауға, мүйізін кесуге заңмен тыйым салынған. Бірақ киіктерге мылтық кезенген браконьерлер ұсталып, 305 қылмыстық іс қозғалды, — дейді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Арман Ізімғалиев.

Биылғы киік санағына Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері, ҚБСА (Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы) және «Охотзоопром ӨБ» РМҚК мамандары жұмылдырылыпты. 60 сағатқа созылған әуе санағы ЕС-145 (Evrocopter) тікұшағымен жүргізілген. Санақ қорытындысы маусым мен шілде айларында шығарылады. Киіктің өсімтал жануар екендігін ескерсек, биыл ақбөкендердің саны 1 миллионға жетуі мүмкін, — дейді мамандар.

Предыдущая запись
Түркістан облысында 45 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік шара көрілген
Следующая запись
Түркістан облысының тұрғыны ешкі жүнін ұрлағаны үшін жауапқа тартылады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню