Батыс Қазақстан облысы: шаруалар төтенше жағдай жариялауды талап етті

Теги: ,
353

Кәсіпкерлердің бұлай ашынуына өңірде киік санының тым көбейіп кетуі себеп болған. Ақбөкендер шабындық пен жайылымдық жерді отап, түгін қалдырмады. Осының кесірінен былтыр малымызға шөп таба алмадық. Биыл да бұл жағдай тағы қайталануы мүмкін, — дейді шаруалар.

— Киік даланың тағысы, сондықтан айдағанға көнбейді. Біз өз жерімізден асырып айдап тастасақ та, іле-шала қайтып келеді. Ал біз күндіз-түні жерімізді күзетіп отыра алмаймыз ғой?.. Киікті күзетумен айналысатын инспекторлар бар, бізді босқа қинағанша, бұл іспен солар айналыссын, — дейді ашулы шаруалардың бірі Анатолий Доценко.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында «Охотзоопром» мекемесінің елуден астам инспекторы бар. Жүрдек көлік, өзге де керек-жарақпен жабдықталған олар киікті қызғыштай қорып, көз алартқандарды анықтайды. Киік Қызыл Кітапқа енгізілгендіктен, атуға тыйым салынған. Шаруалар қылмыстық жауапкершіліктен қорқып, ақбөкендерді ата алмайтынын айтады. Қазір өңірдегі киік басы миллионға жуықтаған.

— Ғалымдардың айтуынша, Кеңес үкіметі кезінде Ақжайықтағы ақбөкендер 300 мыңнан аспаған. Сол кездің өзінде «Охотзоопром» қызметкерлері киіктерді аулап, ет комбинаттарына тапсырған. Дүкенде киік еті өзге малдың етімен бірге сатылатын. Қазір осы мәселені шешіп жатырмыз. Егер мәмілеге келсек, киікті аулап, қалбырға салынған етін сатуды жолға қоямыз. Бұл бағытта Орал мен Атыраудағы екі ет комбинатымен келісіп жатырмыз. Енді экология министрінің шешімін күтіп отырмыз, — дейді БҚО әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов.

Бірақ жері бүлініп, шаш-етектен шығынға батып жатырмыз деген шаруаларға өтемақының төленер-төленбесі белгісіз. Бұл мәселені кейін арнайы құрылған комиссия анықтайды. Ал амалы таусылған қожалық иелерінің бірі БҚО бойынша төтенше жағдай жариялау керектігін ұсынды:

— Киіктен малға ауру тарауы мүмкін. Себебі жүз мыңдап дала кезген бөкендердің арасында арам өлгендері көп. Малға содан ауру жұғуы мүмкін. Ал мұның бізге тағы салмақ салары анық. Сондықтан киік өлексесін жинап, бұл мәселені кезек күттірмей шешкен жөн. Уақыт созып отырмай, қазір төтенше жағдай жариялау керек. Қажет болса, петицияға да қол қояйық,- дейді Бауыржан Сарманов есімді кәсіпкер. Бірақ облыс шенеуніктері бұл мәселеде министрліктің шешімін күту керектігін жеткізді.

Предыдущая запись
Шымкентте үлескерлердің қаражатын қабылдау құқығына ие құрылыс ұйымдарының тізімі жарияланды
Следующая запись
Оралда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 12,6 млн теңгені жымқырған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню