Батыс Қазақстан облысы: шенеуніктер енді таксимен жүрмейді

Теги: ,
389

Былтыр облыс шенеуніктерінің қызметтік көлігін сатып алу мен пайдалануға кетер шығынды азайту үшін жергілікті атқамінерлер жаппай таксиге отырғызылған еді. Осы бастама бойынша «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ «Такси «Comfort» жеке компаниясына 30 жеңіл көлікті берді. Арадағы уағдаластыққа сай жеке кәсіпкер сенімді басқаруға берілген бұл техниканы кейін сатып алуға құқылы болды. Осы келісім бойынша жергілікті әкімдік мамандары мінген көліктің ақысын бюджет қаржысы есебінен төлеп отырды. Бірақ бұл жоба ақыры аяқсыз қалды.

— Өйткені әкімдік қызметкерлерінің көрсетілген қызмет сапасына көңілі толған жоқ. Олардың қызметі қанағаттанарлықсыз деген бағаға лайық болды. Осылайша тапсырыс беруші мен инвестор арасындағы жоба тоқтатылды. Ведомствоаралық комиссия бұл істі жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдады, — деп мәлімдеді «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сүгірбаев. Осылайша таксимен қатынау ұнамаған оралдық шенеуніктер енді қызметтік көлігіне қайта мінді.

Предыдущая запись
Аферистка из Сарыагаша обещала землякам помочь с жильем
Следующая запись
Казахстан и Россию соединят два новых авиарейса

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню