Биыл Шымкентте 5 инвестициялық жоба іске қосылады

Теги: , ,
322

Үшінші мегаполистегі «Тассай» индустриалды аймағында ағымдағы жылы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын 150 жаңа жұмыс орнымен 5 инвестициялық жоба іске қосылмақ. Құрылысы жалғасып жатқан кәсіпорындарды қала әкімі Мұрат Әйтенов аралады.

Мұнаралы крандар мен лифт шығаратын зауыт келесі жылдың ортасына дейін аяқталып, іске қосылады. Бүгінде құрылыстың 30 пайызы атқарылған. Жалпы жоба құны 750 млн теңге. Пайдалануға берілсе, 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Медициналық зертханаға қажетті вакуум түтіктерін өндіретін «Экофарм интернейшнл» ЖШС-нің құрылысы 2019 жылы басталған. Жобаның І кезеңі аяқталды. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға көзделіп отыр.Кәсіпорын іске қосылғанда, жылына 70 млн дана медицинаға қажетті құрал өндіруге қауқарлы. Сондай-ақ, 200 адам жұмыспен қамтылады.

Медициналық зертхана жабдығын өндіретін зауыттың құрылысы 2020 жылы басталған. Бүгінде құрылыстың 90 пайызы орындалған кәсіпорын осы жылдың соңына дейін іске қосылады. Аумағы 0,25 га жерге орналасқан жобаға 125 млн теңге қаржы тартылған.

«Қалада көптеген өндірістердің болуы маңызды. Біз қаланы одан әрі дамытуға бағытталған кәсіпкерлер мен жобаларға қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз. 2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Тассай» индустриялық аймағында жер телімдері бөлінді, бүгінде осы серпінді нысандардың құрылысы жүргізілуде. Біз басқа да мәселелерді бірге шешуге дайынбыз», — деді қала әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, индустриялық аймақ-энергиямен жабдықтау көздері және көлік-кіреберіс жолдары бар өнеркәсіптік аумақ. Аумақ өндірістік, логистикалық және жол бойындағы қызмет көрсету кәсіпорындарының құрылысына арналған. Индустриялық аймақта әкімшілік, қызмет көрсету орталықтары орналасуы мүмкін.

Предыдущая запись
Несколько крупных инвестпроектов запустят в Шымкенте в 2023 году
Следующая запись
В ДП Шымкента прокомментировали видео с избиением молодой женщины​

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню