384
Қайрат Боранбаевты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», — делінген ақпаратта.
Еске салсақ, Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғаған болатын. 17 наурызда елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті бизнесменді 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялап, Қайрат Боранбаев тергеу изоляторына қамалды.