Екібастұзда жаңа ГРЭС салынады

338

Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қорының басқарма басшысы Алмасадам Сәтқалиев жаңа ГРЭС салу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, энергетикалық теңгерімге сәйкес 2035 жылға қарай электр қуатына қажеттілік шамамен 27 ГВт деңгейінде болады деп күтілуде.

«Қазіргі уақытта Қазақстандағы станциялардың қуаты 16 200 МВт құрайды. 2035 жылға қарай шамамен 17 ГВт жаңа базалық, икемді және жаңартылатын энергия қуаттарын салу қажет. Оның шамамен 11 ГВт Қор жүзеге асырады», — деді А. Сәтқалиев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» қоры электр энергетикасы саласында 6 басым жобаны іске асыра бастады. Құны 1,2 трлн теңгені құрайтын жобалар 2023 жылға дейін асырылады.

«Басым жобалар аясында жалпы сомасы 9 трлн теңгеден асатын 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Атом электр станциясын салудың ұзақ уақытын ескере отырып, жақын арада көмір өндіретін жаңа қондырғыларды салу қажет болады. Екібастұзда қуаты шамамен 1 200 МВт болатын жаңа ГРЭС салу мәселесі қарастырылып жатыр», — деді А. Сәтқалиев.

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы жобаларды іске асыру туралы толығырақ баяндап, екінші Алматы жылу электр станциясында 600 МВт бу-газ қондырғысын салу жобасы бойынша қаржыландыру мақұлданғанын атап өтті. Осы айда ашық тендер өткізіледі.

Үшінші Алматы жылу электр станциясында 450 МВт бу-газ қондырғысын салу аукциондық сауда-саттық механизмі бойынша жүзеге асырылады. Аукцион осы жылдың желтоқсан айында өткізіледі.

Бірінші Алматы жылу электр станциясында 250 МВт бу-газ қондырғысын салу бойынша «Самұрық-Қазына» қоры Энергетика министрлігімен жобаны іске асыру мен қаржыландыру механизмін пысықтауда.

Алматы энергетикалық кешенін газдандыру жобаларын жүзеге асыру мақсатында «Самұрық-Қазына» қоры газ инфрақұрылымын салу мәселесін пысықтап жатыр.

Түркістан облысындағы бу-газ жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлену үстінде.

«Самұрық-Қазына» қоры Оңтүстік өңірде қуаты 900 МВтқа дейін тағы бір бу-газ станциясының құрылысын қарастырып жатыр.

Алматы қаласы мен Алматы облысында кабельдік желілерді қайта жаңғырту жобасы аясында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

Предыдущая запись
Новую ГРЭС планируют построить в Экибастузе
Следующая запись
​Как в третьем мегаполисе борются с безработицей

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню