Елімізде еңбекке қабілеті бар 9 млн адам тегін курстан өте алады

Теги: ,
375

Қазақстанда Әлеуметтік кодекс жобасы шеңберінде азаматтарды жаппай оқыту және білім беру сапасын жақсарту үшін негіздер қалыптастырылып, ол заңнамалық деңгейде бекітілетін болады.

Әлеуметтік кодекс жобасында еңбекке қабілетті жастағы азаматтарды жаппай оқыту арқылы кәсіби дағдыларды қалыптастыру есебінен адами капиталды жоспарлы түрде арттыру және қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін жағдайлар жасау көзделеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер айтты.

«Еңбекке қабілетті азаматтарды оқыту үшін мақсатты санын бірнеше есе арттыру жоспарлануда. Егер бұрын министрліктің желісі бойынша оқытумен азаматтардың жекелеген санаттарына жататын жылына шамамен 500 мың адам қамтылса, енді оқыту үшін нысаналы контингентке санаттары мен мәртебесіне қарамастан – 9 млн адамға дейін еңбекке қабілетті жастағы барлық азаматтар кіреді. Бұл ретте жаңа дағдыларды алуға қолжетімділік үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың өздері арасындағы жаңа әлеуметтік келісімшарт шеңберінде бөлінетін болады» делінген ведомство мәліметінде.

Атап айтқанда, мемлекет жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жұмыссыздар мен халықтың жекелеген нысаналы санаттары үшін қысқа мерзімді тегін оқыту курстарын ұйымдастыратын болады. Бұл ретте оларға оқытудың түрлі форматтары, оның ішінде skills.enbek.kz платформасында онлайн оқытуды ұсыну көзделуде. Бүгінгі күні бұл платформада 151 курс орналастырылған, оның 97-інен тегін өтуге болады.

Жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін жаңа технологияларды енгізуді немесе жаңа өндірістер ашуды ескере отырып, біліктілікті арттыру, қайта бейіндеу курстарын ұйымдастырады. Оқыту жұмыс берушінің таңдауы бойынша жұмыс орындарында, оқу орталықтарында немесе білім беру ұйымдарының базасында өтетін болады.

Азаматтар әлеуметтік мәртебесіне байланысты мемлекет немесе жұмыс берушілер ұйымдастыратын тегін курстардан өте алады немесе ақылы курстарды өз қалауы бойынша таңдай алады.

«Еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқыту сапасын жақсарту үшін кешенді шаралар қабылдау көзделеді. Ұлттық біліктілік жүйесін қайта жүктеу осыған бағытталған. Жұмыс берушілер кәсіптік стандарттар арқылы білім беру бағдарламалары жаңартылатын жұмыс күшінің дағдыларына талаптар қоятын болады. Кәсіби біліктіліктерді тану орталықтары кәсіби біліктіліктерді, оның ішінде ресми, бейресми және информальды білім беру арқылы алынған мамандардың жекелеген дағдыларын бағалайды және тиісті сертификаттар береді» делінген министрліктің ресми сайтындағы ақпаратта.

Предыдущая запись
Трех кызылординцев поставили на учет за торговлю своим телом
Следующая запись
В Шымкенте дети и пенсионеры пытались обогнать спортсменов-легкоатлетов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню