Оқу-ағарту министрлігіне Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты. Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен өтеді. Акция 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Науқанға кез келген адам қатыса алады. Олар: еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады немесе керісінше көмек сұрай алады.
«Акция аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр. Балаларды жаңа оқу жылына дайындауға кез келген адам көмектесе алады. Осылайша әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын аламыз. Әрбір мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың жеке тізімдері жасалған. Білім беру ұйымдарында «жедел желі» үздіксіз жұмысы ұйымдастырылған. Қиын өмірлік жағдайға тап болған барлық бала мен ата-ана көмек сұрай алады. Өз кезегінде бей-жай қарамайтын азаматтар, кәсіпкерлер, меценаттар акцияға қосылып, мұқтаж жандарға қол ұшын соза алады», — деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.
«Мектепке жол» акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Соңғы 10 жыл ішінде акция аясында 2 млн-нан астам балаға материалдық көмек көрсетілген.
«Мектепке жол» акциясына қатысу үшін білім басқармалары мен ұйымдарына хабарласу қажет.
Облыстық білім басқармаларының сенім телефондары:
Нұр-Сұлтан қаласы:
8 7172 55 68 70
8 701 255 46 97
Алматы қаласы:
8 776 243 03 59
Шымкент қаласы:
8 7252 39 49 26
8 777 556 20 79
8 707 904 04 95
Алматы облысы:
8 747 502 85 38
Ақмола облысы:
8 7162 72 29 03
8 771 349 11 21
8 708 444 52 32
Ақтөбе облысы:
8 776 038 78 78
8 705 507 71 78
8 705 744 47 44
Атырау облысы:
8 7122 27 09 42
8 702 118 21 28
8 775 005 22 01
Шығыс Қазақстан облысы:
8 7232 70 23 57
8 705 623 85 31
Жамбыл облысы:
8 7262 614 24 05
8 708 614 24 05
Батыс Қазақстан облысы:
8 7112 2604 63
8 747 475 25 31
Қарағанды облысы:
8 7212 25 25 02
8 747 491 12 91
Қостанай облысы:
8 7142 37 98 58
8 708 087 42 01
Қызылорда облысы:
8 7242 60 54 81
8 778 60 54 81
8 777 340 70 30
8 705 787 25 96
Маңғыстау облысы:
8 7292 57 12 27
8 7292 60 75 15
8 702 995 36 39
8 701 677 26 04
Павлодар облысы:
8 7182 32 09 65
8 702 412 70 04
8 701 523 19 70
Солтүстік Қазақстан облысы:
8 7152 35 00 07
8 708 432 44 58
Түркістан облысы:
8 707 684 71 00
8 700 205 94 10
8 702 625 65 62