383
Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайындағы желілік полиция қызметкерлері Ресей азаматын жауапқа тартты. Ведомства мәліметінше, 30 жастағы шет ел азаматы Мәскеу-Ресей бағытындағы ұшақ бортында шу шығарған. Оның ішімдік ішіп алғаны анықталған.
«Полиция қызметкерлері оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орында мас болып келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Оған 5 айлық есептік көрсеткіш (15 315 тг) мөлшерінде айыппұл салынды» делінген көлік полициясы таратқан ақпаратта.