Интернет алаяқтары қазақстандықтарды 7 млрд теңгеге алдап соққан

Теги: ,
630

Интернет алаяқтарына алданып қалған қазақстандықтар 7 млрд теңгесінен айырылып қалды. Жыл басынан бері полицейлер 12 мыңға жуық интернет алаяқтық фактісін тіркеген. Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін Ішкі істер министрлігі ел тұрғындарына SMS хабарламалар жіберіп жатыр. Бұл туралы ведомства өкілі Шұғыла Тұрлыбек брифинг кезінде айтты.

«Жыл басынан бері елімізде 12 мыңға жуық интернет алаяқтық фактісі тіркелді. Қылмыскерлердің кесірінен 7 млрд теңге шығын келтірілді. 571 интернет-алаяқ ұсталып, 17 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды», — деді ол.

Министрлік дерегінше Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды облысында интернет алаяқтықтың көп дерегі тіркелген.

SMS арқылы халықты хабардар ету туралы Ішкі істер министрінің Цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен және байланыс операторларымен кездесуінде айтылған. Қазіргі таңда халыққа жаппай ескерту хабарламалар жіберіліп жатыр.

«Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына, тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат жеткізуге, жедел хабардар етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Kcell қолданушыларына ескертпе SMS-тер жіберілді. Тарату жүйесінің шектеулеріне байланысты SMS мәтіндеріндегі таңбалар саны шектеулі. Сондықтан хабарлама мәтіні қысқартылған. Ішкі істер министрлігі барша азаматтарды сақ болуға шақырады», — деді ІІМ өкілі.

Предыдущая запись
Алматыда қалалық сотының ғимараты шұғыл қоршауға алынды
Следующая запись
Түркістан облысындағы ауыл тұрғыны жерлесін сақ соқтырып кетті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню