Шымкент тұрғыны көлігіне доңғалақ аламын деп ақшасынан айырылды. Жәбірленуші полицияға арызданған. Оның айтуынша, бейтаныс азамат «ОLX» қосымшасы арқылы 4 дана автокөлік доңғалағын сатамын деп жарнама берген. Содан оның сеніміне кіріп, ақшасын аударта сала тауарды да, ол үшін төленген қаражатты да қайтармай қойған. Тіпті ұялы телефонын сөндіріп, хабарсыз кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 90 мың теңгені құрап отыр.
«Аталған жайт Қылмысық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті тәулік ішінде қала аумағынан ұст алды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы — 23-те, жұмыссыз»,-деді қалалық Полиция департаментіндегілер.
Қазіргі кезде полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.