«Ірілерін таңдап алған»: Жамбылдық жас жігіт 18 бас қойды ұрлап кетті

Теги: ,
394

Жамбыл облысы Байзақ ауданының полиция бөліміне 52 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, Жетібай ауылына іргелес аумақта орналасқан жайылымдық алқаптан белгісіз адам 18 бас қойын ұрлап кеткенін айтан. Оған 1 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қаласының 30 жастағы тұрғыны қойларды сату үшін алып бара жатқан сәтте ұсталды. Оның айтуынша, иесіз жайылып жүрген малды көріп, ең ірілерін таңдап алған. Содан жайылымнан 2 шақырым жерде орналасқан қамысқа айдап әкетіп, қараңғы түскенін күткен. Кейіннен жас жігіт малды тасымалдау үшін көлік жалдап, қойлардың бір бөлігін әрқайсысы 40 мың теңгеге сатып үлгерген.

«Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті кінәсін мойындады»,-делінген Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Предыдущая запись
​Оңтүстік Корея елінде жұмысқа тұрмақ болған кентаулық алаяққа оңбай алданды
Следующая запись
​Ақмолада көлік ұрлап кеткен жас жігіт жол апатына түсіп аударылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню