541
Атырауда ішімдік ішіп алып, рөлге отырған КамАЗ жүргізушісі үйдің қоршауын бұзып өтті. Оқиға 1 қараша күні сағат 16.00 шамасында Атырау мөлтек ауданында орын алған.
ІІМ Telegram-каналының мәліметінше, жүк көлігі қала тазалығына жауапты мекемеге тиесілі. Оның ішімдік ішкен жүргізушісі алдымен электр бағанасына, кейін тұрғын үйлердің бірінің қоршауын асоғылған. Содан соң аула ішіндегі автокөлікке соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ. Автокөлікті 32 жастағы ер кісі тізгіндеген. Қазіргі таңда іс-құжаттар жинақталып сотқа жолданды.