Иттермен сөйлесіп жүрген алматылық полицей жұртты күлкіге қарық қылды

Теги: ,
397

Әлеуметтік желіде полицейдің әкімге берген жауабы қызу талқыланып жатыр. Видео Алматы қаласының басшысы Ерболат Досаевтің кезекті жиыны кезінде түсірілген.

Онда полицей қойылған сұраққа түсініксіз жауап береді.

«Иттермен сөйлесіп, ит-мысықтармен біраз неғып, ескерту бергенбіз оған. Қазіргі таңда ары қарай жалғасады»,-дейді ол. Осы кезде әкім оның сөзін бөліп, ашуға булығады.

Видеоны көрген желідегілер тәртіп сақшысын әбден келеке етті.

«Бәсе, кеше итім жиналысқа барған екен ғой, жоқ боп кетіп еді», «Полицейлерді көрсек, үреміз бе? Ырылдаймыз ба, әлде миялаумыз ба?», «Біздің көшеде қаңғыбас мысықтар толып жүр. Осыны шақырып, «біздің жақта жүрмесін» деп айтшы демесем», «Мұндай сұмдықты бірінші рет естіп тұрмын. Ақырзаман болды ма?», «Ит-мысықтарға ескерту бергенбіз дейді. Ішегім-ай, түйілді», «Менің итіммен сөйлесші, ауланың бәрін шашып бітті», «Біздің елде барлығы мүмкін», «Полковник мырза, не ғой, біздің жұмыста мысық бар. Сөйлесіп көресіз бе?», «Бәсе, біздің ит үйден шықпайды. Соңғы кезде біртүрлі боп жүр» деп жазды желі қолданушылары.

Предыдущая запись
Трех казахстанцев объявили в международный розыск: АФМ расследует дело по факту рейдерского захвата
Следующая запись
В Правительстве выяснили, куда делось дизтопливо из шымкентских АЗС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню