298
Мақтаарал ауданында үйін сатпақ болған жас жігіт 500 мың теңге тұратын телефонынан айырылды. Полицияға арызданған ол үйінен «Iphone 12 Pro» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткенін айтқан.
Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелген. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Жәбірленуші үйін сатылымға қойған. Ал күдікті үйді сатып алушы болып үйіне барған. Содан шкаф үстінде тұрған ұялы телефонға көзі түсіп, ұрлап алыпты. Полицейлер күдіктіден ұялы телефонды айғақ зат ретінде алды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.