23 жастағы тұрғын көңіл көтеремін, басы дауға қалды. Жас жігіттің айтуынша, Көкшетау қаласындағы қонақ үй кешендерінің бірінен шығар кезде оған белгісіз ер адам келіп, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Содан кейін жеңіл жүрісті қыздарға барғаны үшін қылмыстық жауаптылықпен қорқытып, 1 млн теңге талап еткен.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Көкшетау қаласының уақытша жұмыс істемейтін 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Жеке тінту кезінде күдіктіден полиция қызметкері куәлігінің мұқабасы мен ақшалай қаражат табылып тәркіленді» делінген Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.
Қазіргі таңда аталған фактіге сәйкес Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.