392
Түркістанда көлік алмақ болған әйел бар ақшасынан айырылды. Оның айтуынша, танысы жеңілдетілген несиемен автокөлік алып беретінін айтып, 800 000 теңгесін алып кеткен. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген автокөлікті де, не өз ақшасын да ала алмаған. Түркістан Полиция департаментінің мәліметінше, аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
«Полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ер адам анықталды. Ол жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті азамат жәбірленушіні алдап, ақшасын қалтасына басқан. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын тексеруде» деп атап өтті Полиция департаментіндегілер.