Түркістан облысында алма ағашы қайта гүлдеді, деп хабарлайды Elitar.kz әлеуметтік желінің пайдаланушысы Тұрар Омаров тың жеке парақшасына сілтеме жасап.
Кентау қаласында орналасқан Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 мектептің ауласындағы алма ағашы қайта гүлдеді.
Табиғаттың тамаша құбылысын Тұрар Омаров есімді әлеуметтік желі қолданушысы видеоға түсіріп ЕФйсбук парақшасына жүктеген.
Кейін желіге жүктеген ол күн райының жылы екендігін де тілге тиек еткен.
Ал, желі қолданушылары таңқалып түрлі пікірлер жазуда. Оның бірі «Кентауда ауа райы көктемдегідей. Тіршілік қайта гүлдеп жатқаны сондықтан, Жақсылықтан үміт үзбейік» десе, енді біреуі «келесі жылы алма салмайтын шығар» деп алаңдаушылығын білдірген екен.
Жалпы қазіргі таңда Түркістан облысының көп бөлігінде ауа райы жылы. Ауа температурасы күндіз +13,+15, кей жерлердек 20 граудсқа дейін жылынуда.