Колледжге грантқа түскендер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Теги: ,
325

Елімізде 125 мың бала колледжде білім алу үшін грантқа ие болған. Осылайша тегін оқу мүмкіндігіне ие болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 45 мыңға артып отыр. Орта арнаулы оқу орындарына барлығы 183 мыңнан астам адам оқуға түсті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Оқуға түскен студенттердің көпшілігі инженерия, білім беру, құрылыс, туризм, қонақ үй бизнесі және т.б. салаларды таңдаған.

Биыл тегін оқуға түскісі келетіндерге арналған квоталар тізімі кеңейтілді. Көпбалалы отбасы балалары үшін 5% квота, толық емес отбасы балалары үшін 1% (осы мәртебе үш жылдан кем емес болуы керек), ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары үшін 1% квота қосылды. Ұпайлар тең болған жағдайда квота санаты мен аттестаттың орташа бағасы есепке алынады.

«Колледждерде білім алуға берілетін гранттар саны жыл сайын артып келеді. Президенттің тапсырмасы аясында 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға беріледі. Мысалы, биылдың өзінде 52 мыңнан астам студент оқуға түсу кезінде инженерия, өңдеуші және құрылыс саласы сияқты мамандықтарды таңдады. Сонымен қатар биыл 8 мыңға жуық студент алғаш рет жұмысқа орналасу міндеттемесі бар кәсіпорындардың өтініші бойынша мақсатты оқыту аясында грант алды. Мақсатты мемлекеттік тапсырыс колледждерге еңбек нарығының сұранысы бойынша кадрлар дайындауға мүмкіндік береді. Яғни балалар оқуды аяқтаған соң бірден жұмысқа орналасады», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Биыл талапкерлер құжат тапсыру кезінде төрт мамандыққа дейін және төрт колледжге дейін таңдау мүмкіндігіне ие болған. 2021 жылы білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік «ақша студенттің соңынан ереді» қағидаты бойынша мемлекеттік тапсырыстарды бөлудің жаңа тетігін енгізді. Яғни, бұрын гранттарды білім бөлімдері бөлетін болса, енді мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауына қарай беріледі. Дәлірек айтқанда, бюджет ақшасы түлек қайда барғысы келсе, сол жаққа бағытталады.

Предыдущая запись
Президент сайлауы өтетін күн қашан белгілі болады? — Министр жауап берді
Следующая запись
В Алматы задержали парня, который душил и грабил женщин

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню