361
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласынан 120 шақырым жердегі «Беке Ата» жерасты мешіті маңында шетелдік туристерді алып бара жатқан 12 көлік балшыққа батып қалды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Оқиға 25 шілде күні орын алған.
«Қарақия аудандық төтенше жағдайлар бөліміне «Бекет ата» жерасты мешітінің маңында шетелдік туристердің 12 көлігі балшыққа батып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Туристерді құтқару үшін 4 техника мен 11 қызметкер жұмылдырылып, 8 автокөлік шығарылды. 4 автокөлік батпақтан өз күштерімен шықты. Барлығы 24 турист құтқарылды. Оларға мединицалық көмек қажет болған жоқ», — деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.