«Майонез құтысына салған». Шымкенттік жігіт түрмедегі ағасына поштамен есірткі жолдаған

Теги: ,
402

Шымкентте 30 жастағы жігіт Тараз қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтіп отырған ағасына есірткіні пошта арқылы жолдаған. Айласын асырған ол марихуананы майонездің пластмасса шелегінің түбіне жасырып салған. Оны қаладағы поша бөлімшелерінің бірі арқылы хат-хабар түрінде рәсімдеп, түрмеге жөнелткен. Алайда түзеу мекемесінің қызметкерлері есірткіні дер кезінде тәркілеп алды. Құты ішіндегі кептірілген марихуананың жалпы салмағы 79,1 грамм болған.

«Абай аудандық сотында есірткіні тасымалдаған жас жігітке сот үкімі шықты. Ол ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) кінәлі деп танылды. Оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» делінген Шымкент қалалық Полиция департаменті берген мәліметте.

Сот процесі барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өзінің әрекетіне шынайы өкінетінін жеткізіпті.

Предыдущая запись
Двух малолетних братьев в Алматы заставляли заниматься оральным сексом на камеру
Следующая запись
«Не виноватая я, он сам пришел»: а вы знали, почему госпорталы плохо работают в Казахстане?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню