Мемлекеттік сатып алу саласында 288 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды

320

​Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы баяндады.

Е.К. Жамаубаев өз сөзінде республикалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 143 млрд. теңгеге, оның ішінде салықтар – 55 млрд. теңгеге, салықтық емес кірістер — 89 млрд. теңгеге асыра орындалғанын жеткізді. Атап айтқанда, салықтар бойынша негізгі асыра орындау сомасы қосылған құн салығына келеді.

Жергілікті бюджеттердің кірістері 111,2% — ке орындалып, 3,7 трлн. теңгені құрады, яғни қосымша 371 млрд. теңге, оның ішінде салықтар бойынша – 316 млрд. теңге түсті.

Республикалық бюджет шығыстары 96,3%-ке, жергілікті бюджет шығыстары 97,9%-ке орындалды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында шамамен 10 трлн. теңге сомасына 475 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылып, 1 851 аудиторлық іс-шара өткізілгендігі атап өтілді. Тексеру қорытындысы бойынша 288 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 272 млрд. теңгеге бұзушылықтар жойылды.

Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев жекешелендірудің 2021 — 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру туралы айтып берді.

Дерек көзі: МФ РК

Предыдущая запись
Установлены финансовые нарушения в сфере госзакупок на 288 млрд тенге
Следующая запись
​Сарыағашта шетел азаматын ұрып-соққан жігіт ұсталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню