409
Алматы қаласында 42 жастағы ер азамат намаз уақытында ұрлық жасаған. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Жәбірленушінің айтуынша, намаз оқу кезінде телефонын еденге, аяғының астына қойған. Намаздан кейін затының жоғалғанын білген.
«Күдікті қылмыс болған күні ұсталды. Ұрланған айфон маркалы ұялы телефоны ұрының өзімен бірге болды. 42 жастағы ер кісі өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтып отыр. Ол жұмыссыз тұрғын болып шықты. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деді Әуезов аудандық ПБ қарасты полиция бөлімінің басшысы Елнұр Құдіретбаев.