Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин келер жылдан бастап өрт сөндірушілердің айлығы көтерілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Үкімет отырысынан соң журналистр сұрағына жауап беру кезінде мәлімдеді.
Қазіргі таңда еңбек өтілі жоқ өрт сөндірушілердің айлығы небәрі 100 мың теңгеден асады.
«Біз бұл мәселені көтере бастағанда, 2019 жылы айлығымыздың 65%, одан кейін 10% және биыл 3% көтерілгені сөз болды. Бір қарасаң, өте жоғары көрсеткіш сияқты. Бірақ, сол кезде, яғни 2019 жылы жұмысқа жаңа кіріскен өрт сөндіруші 65 мың теңге алатын. Қазір еңбек өтілінсіз, үстемеақысыз, таза айлық – 109 мың теңге. Қазір Мемлекет басшысының және Премьер-министрдің тапсырмалары бойынша Ұлттық экономика министрлігімен бірге айлықты тым болмаса 40 пайыз көтеру мәселесін пысықтап жатырмыз. Егер іске асса, жаңа жылдан бастап қызметкерлеріміздің айлығы өседі», — деді министр.