411
Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны Оңтүстік Корея еліне нәпақа табу үшін барамын деп жиған-тергенінен айырылды. Жәбірленушінің айтуынша, танысы шетелде жұмысқа тұрғызып беремін деп уәде еткен. Ол қызметі үшін 500 мың теңгесін алған. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысты да, не өз ақшасын да ала алмаған.
«Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Кентаулық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жеткілікті тұрғынды анықтады. Күдікті ер кісі жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өзіне алған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.