Ақын халыққа арнаған бейнеүндеуінде шаруаларға бөлінген субсидияны қолды қылғаны үшін істі болған Ерболат Оңғарбектің текті отбасыдан шыққанын, әкесі мен атасы іскер адамдар екендігіне тоқталады. Қаламгерді соттың ұзаққа созылғаны да қатты қынжылтыпты. «Күдікті халық жауы емес!»,- деп жанашырлық лебізін білдірген ақын бұл істің артында кім тұр деп алаңдаушылық танытыпты.
Айта кетелік, «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ БҚОФ филиалының директоры Ерболат Оңғарбек сыбайластарымен бірге фермерлерге бөлінген субсидияны жымқырды деген айыппен сотталып жатыр. Мемлекет қазынасына келген шығын — 626 млн теңге. Сот материалдарына сүйенсек, ол сыбайластарымен бірге бірнеше жыл бойы мемлекет қаржысын жымқырып келген. Сот кезінде оның осындай 14 іске қатысы бары анықталды. Бір қызығы, сотталушы Ерболат Оңғарбектің әкесі Марат Оңғарбеков те кезінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып, кейін қарауындағыларынан пара алды деген күдікпен қызметінен қуылған еді.