Сезікті қолына биялай киіп, із қалдырмауға тырысыпты. Полиция оның үйін тінткен кезде қанға боялған киім мен пышақты тапқан. Бірақ осы айғаққа қарамастан, 1987 жылы туған күдікті әйел өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр екен. Полиция дерегінше, бұл азаматша бұрын істі болмаған. Дегенмен сот оны тергеу үшін екі айға қамауға алуға санкция берді.
Еске салайық, 72 жастағы кейуананы белгісіз біреу 9-наурыз күні үйінде тамағынан пышақтап, өлтіріп кеткен еді. Қылмыскер қарияның екі алтын сақинасы мен сырғасын олжалаған.
1 мыңнан астам тұрғын үйді тексерген полиция бейнебақылау камераларына түсіп қалған күдіктінің фотороботын жасап, видеосын әлеуметтік желіде жариялаған еді. Тіпті қылмыскер туралы құнды ақпарат бергендерге қомақты сыйақы да тағайындаған.