298
“Орал халықаралық әуежайы”ЖШС-ке Мәншүк Мәметованың есімі беру туралы Қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойған.
Орал халықаралық әуежайы 2019-жылы күрделі жөндеуге жабылып, 2021-жылдың желтоқсанында пайдалануға берілуі тиіс еді. Бірақ құрылыс кезінде әуежай ғимаратының күрделі жөндеуге жарамсыз екендігі анықталды. Сондықтан нысанды қайтадан салу туралы шешім қабылданып, бұл іске 7 млрд теңге бөлінді. Мұндағы құрылыс былтыр аяқталып, нысанды тапсырыс берушілер қабылдап алса да, әуежайдың қашан ашылары әлі белгісіз.