447
Марқұм қарттар үйінде 2008-жылдан бері тұрады екен. Мекеме қызметкерлері бөлмесінде асылып қалған 61 жастағы қарияға көмек көрсетуге тырысқанымен, оның әлдеқашан бақилық болғаны анықталыпты. Осыдан кейін бекітілген жұмыс алгоритміне сай, болған жағдай туралы тиісті органдарға хабарланған. Қазір полиция тергеу амалдарына кірісіп, қызметкерлерді сұрастырып жатыр. Осыдан кейін бұл оқиғаның мән-жайы анықталады, — дейді БҚО ПД баспасөз қызметі. Қазір осы дерек бойынша өзін-өзі өлтіруге жеткізу бабымен іс қозғалыпты.