Орал: Екі жыл бойы 31 миллион теңге қазына қаржысын жымқырған батысқазақстандық есепші жазадан құтылды

Теги: ,
353

Сот оған берілген жаза мерзімін бес жылға шегеріпті. Бұған сотталушының кәмелетке толмаған екі баласының бар екені себеп болған. Сот материалдарынан белгілі болғанындай, БҚО, Сырым ауданы білім бөлімінің есепшісі өз таныстарының банк карточкасына екі жыл бойы ақша аударып отырған. Кейін осы ақшаны қалтаға басыпты. Келген шығын 31 миллион теңге көлемінде. БҚО сотының баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева сотталушыға берілген жаза заң талабына сай деп отыр:

— Сырым аудандық сотының үкімімен Кушаева Ақкенже ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағымен көзделген, яғни, аса ірі мөлшерде өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену, яғни, талан-таражға салу, яғни, жымқыру белгілерімен қылмыс жасаған. Оған осы баппен мүлкін тәркілеусіз мемлекеттік мекемелерде, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда қаржылық қызметпен және материалдық жауапкершілікпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айыра отырып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын өтеу үшін Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі тағайындалды. ҚР ҚК 74-бабының 1-бөлімі негізінде тағайындалған жазаның өтелу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Предыдущая запись
Атырауда бір күн ішінде 6 жасөспірім хабар-ошарсыз кеткен
Следующая запись
«Золото» на Сурдлимпиаде по дзюдо выиграл здоровый человек

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню