Орал: Әскерилер 45 миллион теңгенің сағатын сатып алмақ

Теги: ,
494

Орал қаласындағы 5515 әскери бөлімі өз сарбаздарын қымбат сағатқа қарық қылмақ. Жомарттығы ұстаған әскери қолбасшылар бұл іске тіпті 45 миллион теңге төлеуге дайын екен. Бұл хабарландыру мемлекеттік сатып алу сайтына 25- ақпанда орналастырылыпты. Осылайша жалпы бағасы 45 миллион 758 мың теңгеге 1 025 дана қол сағатты сатып алмақ. Әрбір бұйымның бағасы — 44 мың 642 теңге. Сипаттамада сағат ҚР Ұлттық ұланның нышаны салынған жеке қаптамада салынуы тиіс екендігі, көлемі 42-45 мм, сыртқы жабыны алтын жалатылуы, бауы былғарыдан болуы көрсетілген. Циферблаттың ортасына ҚР Ұлттық ұланның нышаны, артқы қақпағына Мемлекеттік Елтаңба салынуы тиіс. Әскерилер сағаттың сыртқы түрі классикалық болуы тиіс деген талап қойыпты. Сонымен қатар сағатты қалай пайдалану керектігі көрсетілген сипаттама жазылған паспорт және кепілдік талоны болуы қажет деп көрсетілген.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Ерболат Сұлтанов мұны былай түсіндіреді:

«Бұл сағаттар Батыс өңірінің мерзімді қызметтегі сарбаздарына арналған. Яғни Орал ғана емес, Ақтөбе, Ақтау, Атырау және Жаңаөзенде әскери борышын өтеп жатқан сарбаздарға сый ретінде беріледі. Кейін бұл қол сағат олардың әскердегі өмірінен естелік болып қалады, — дейді Ерболат Сұлтанов.

Әзірге мемлекет қаржысына алынатын бұл қымбат сыйлықтың әскерилер ғана тағатын командирлік сағаттан қандай айырмашылығы бары белгісіз. Мұны «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Ерболат Сұлтанов та нақтылағысы келмеді.

Айта кетелік, әскерилер тағатын бұл бұйымға су кірмейді және түрлі соққыларға да төзімді. Сондықтан «командирлік сағат» деген атаумен танымал.

Бір қызығы, алтын сағатқа оралдық әскерилер ғана емес, ҚР «Орталық» Аймақтық қолбасшылығына» қарасты 6800 әскери бөлімі де құмар екен. Бұл бөлім ерлерге арналған қол сағатты сатып алуға 70 580 361 теңге жұмсамақ.

Предыдущая запись
Орал: алаяқтар айылын жияр емес
Следующая запись
Шымкент: Өрік ағашы гүлдей бастады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню