Орал: түрмеге жасырып кіргізбек болған көп телефонның ішінде айфон да бар

Теги: ,
361

Оралдағы РУ-170/3 түзету мекемесінің қызметкерлері абақтыға кірген жүк көлігінен 38 ұялы телефон тауып алды. Заманауи смартфондардың арасынан айфон да шықты. Жазасын өтеушілерді ұялы телефон байланысымен «қамтымақ» болған адам көлік жүргізушісі екен. Ол БҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегі өндірістік кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді. Колонияға «ГАЗель» жүк көлігімен емін-еркін кіре алатынын пайдаланған ол ауа айдайтын компрессордың ішіне телефондарды жасырған. Бірақ колония қызметкерлері бұл туралы алдын-ала білгенін айтады. Бақылау-өткізу пунктінде арнайы құралмен кесілген компрессордың ішінен 38 ұялы телефон, 42 қуаттағыш құрылғы және 13 құлаққап табылыпты.

«Бұл телефондардың дені заманауи смартфондар, ішінде тіпті айфон да бар. Бұл іске дереу жедел-тергеу тобы жұмылдырылып, тыйым салынған заттарды тәркілеу актісі жасалды. Қазір осы оқиға ізімен қызметтік тексеру жүргізіліп, сырттан телефон алдыртқан жазасын өтеушілер анықталып жатыр. ҚР Әкімшілік Кодекстің 481-бабы бойынша айып тағылған жүргізуші 10-20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе 30 тәулікке қамалуы мүмкін», — деді мекеме бастығы, полиция полковнигі Магнис Сабиров.

Предыдущая запись
В бюджетных организациях Карагандинской области выявлены финнарушения на 812 млн тенге
Следующая запись
Орал: түрмедегі төбелестен кейін колонияның 12 қызметкері жауапқа тартылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню