Орал: жаңа туған егіздер анасынан айрылды

Теги: ,
339

Дәрігерлердің айтуынша, 35 жастағы Эльвира Әшімова дүниеге егіздерді әкелгеннен кейін қайтыс болыпты. Мамандар марқұмның денсаулығы сыр бергенін айтады. Яғни, осыған дейін үш бала туған келіншектің бүйрегінде инфекция бары, бұл аздай қан аздығы дертіне шалдыққаны белгілі болған. Бұған қоса, кенжесін өмірге әкелгеніне бес ай өткен соң, тағы да жүкті болыпты. Дәрігерлер жас босанған келіншектің ағзасы бес айдың ішінде қайта қалпына келіп үлгірмейтінін айтады. Бүгінде осы оқиға ізімен қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Орал қалалық көп бейінді ауруханасының бөлімше меңгерушісі Наталья Кочегарованың айтуынша, көзін ашпай жатып, анасынан айрылған егіздерді туыстары бауырына басыпты. Екеуінің де жағдайы қалыпты, — дейді дәрігерлер:

— Марқұм перзентханаға түскен кезде ауруы көп екенін анықтадық. Қан қысымы жоғары, бұл аздай гемоглобині де төмен. Гемоглобин төмен болған сайын, қансырау қаупі күшейе түседі. Балаларын босанғасын қан кете бастады. Оны тоқтату үшін келісімін алып қан құйдық. Жағдайы нашарлап кеткесін, басқа ауруханалардан анестезиологтар мен гинекологтарды шақырттық. Қолда бар құралдар мен дәрі-дәрмектің бәрін пайдаланып, қолдан келген көмегімізді көрсеттік. Тіпті жатырын алып тастауға да мәжбүр болдық. Бірақ қан тоқтамады. Бірнеше сағаттан кейін көз жұмды, — дейді Орал қалалық көп бейінді ауруханасының бөлімше меңгерушісі Наталья Кочегарова.

Он күнге жетпейтін уақыттың ішінде Оралда осындай қайғылы оқиға екінші рет қайталанып отыр. Бір апта бұрын сәбиін босана сала, ес-түссіз комаға кеткен Таңшолпан Мұқанова қайтыс болған еді. Туыстары бұған дәрігерлерді кінәлайды. Статистикаға жүгінсек, 2020-жылдан бері 13 жүкті келіншек қайтыс болған. Ал соңғы үш жылда бір жасқа толмаған 331 сәби шетінепті.

Предыдущая запись
Түркістан облысында күйеуі әйелін балаларының көз алдында өлтіріп қойған
Следующая запись
Шымкентте карьер орнына жиналған судан 15 жастағы баланың денесі шығарылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню