Орал: Жарты миллиард теңге жымқырған оралдық шенеунік өзінің істі болуына қылмыс әлемінің серкесін кінәлады

Теги: ,
572

«Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ БҚОФ директорының орынбасары Ерболат Оңғарбек 600 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырды деген айыппен 9 жылға сотталды. Ол өз сыбайластарымен бірге бірнеше жыл бойы мемлекеттік бағдарламаларды өз пайдасына жаратып, қыруар қаржыны қалтаға басқан. Бірақ шенеунік өз кінәсін мойындамады. Үкім шыққан кезде сотқа келгендерге айқайлап, өзінің еш жазығы жоқ екендігін мәлімдеді.

— Мұның бәрі жергілікті қылмыстық авторитет Мұхтар Хамзиннің айтақтауымен болып отыр. Өйткені соның жігіттері сүттен ақ, судан таза болып шықты да, мені кінәлі қылып шығарды. Мені 14 эпизод үшін айыпты қылып шығарды, бірақ олардың сегізіне ғана қатысым бар. Басқаның кінәсі үшін босқа жазалап отыр. Мұхтар Хамзиннің жігіттерін судья іс әлдеқашан өтіп кетті деп сылтауратып ақтап шығарды. Олар бұған дейін аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Мен оларға несие рәсімдеген жоқпын. Егер бұл сөзіме сенбесеңіздер Мұхтар Хамзинмен сөйлескен сөзімнің стенограммасына зер салыңыз, — дейді Ерболат Оңғарбек.

Сот кезінде Ерболат Оңғарбектің шаруаларға берілетін арзан несиенің бір бөлігін өзі иемденгені белгілі болды. Бұл істен өзіне үлес сұраған ол кейін несиені өзі рәсімдеп, бірнеше мемлекеттік бағдарламаны оңды-солды пайдаланған. Ол Оралмен шектелмей, бұрын өзі қызмет еткен Атырау мен Маңғыстау облыстарында да осындай қылмыс жасаған. Мемлекетке келген шығын 600 миллион теңгеден асады. Е.Оңғарбектің төрт серігі істің мерзімі өтіп кетуіне байланысты жауапкершіліктен босатылды, кінәсі дәлелденген тағы үш жігіт 5-7 жылға сотталды.


Айта кетелік, Ерболат Оңғарбектің соты ұзаққа созылғанына наразылығын білдіргендердің ішінде халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева да болған еді. Ол сотталушының халық жауы еместігін, әкесі мен атасының ел дамуы жолындағы үлесі сүбелі екендігін айтып, жанашырлық танытты. Бір қызығы, ақын араша түскен Ерболаттың әкесі Марат Оңғарбеков БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып қызмет атқарып жүргенде пара алды деген күдікке ілігіп қызметінен кеткен еді.

Предыдущая запись
Документальный фильм про театр с уникальной историей сняли в Караганде
Следующая запись
Шымкентте аралардың жаппай қырылуы тіркелді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню