Қазір күдіктілерге қатысты қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен хабарлағандай, «SENIMDI UI» тұтыну кооперативі ретінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар былтыр тамыз айынан бастап тұрғындардың 12 млн 675 мың теңгесін қалтаға басыпты. Қазір азаматтардың шағымы бойынша ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергеліп жатыр. Былтыр наурыз айында криптовалюта саласындағы инвестициялық стартап жоба ретінде таныстырылған «Relictum-pro» қаржы пирамидасы екендігі белгілі болды. Бұл пирамиданы ұйымдастырушыларға қатысты ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігі 1, 4-тармақтарына сәйкес қылмыстық іс қозғалыпты.
БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері егер осы қаржы пирамидаларынан зардап шеккен тұрғындар болса, құзырлы органға хабарласуын сұрайды. Кез-келген қаржылық пирамиданың басты мақсаты – жаңа қатысушыларды көптеп тартып, ақшасын олжалау. Осылайша, пирамиданы ұйымдастырушы қыруар қаржыны жинаған соң, қол астындағыларға ақша төлеуді тоқтатып, ізін жасыруға тырысады, — дейді мамандар.