Павлодарда үш жігіт зорлаған 16 жасар қыз 10-қабаттан секіріп кетті

Теги: ,
488

Павлодарда үш жігіт жабылып зорлаған жетім қыз 10-қабаттан секіріп, өз өмірімен қош айтыспақ болды. Қыз биіктен құлаған соң аман қалған, бірақ ауыр халде ауруханаға жатқызылған. Бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатқан оның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.

Бұл туралы «Не молчи» қорының негізін қалаушы, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Facebook парақшасында жазды.

Оқиға 9 шілде күні болған. Студент қыз туған күн кешіне барып, ол жақтан ертерек шығып, әпкесінің үйіне бармақ болған. Жолда әпкесінің сыныптасын көріп, ол қасындағы екі жігітпен бірге қызды пәтерге алдап алып кірген. Сол жерде үш жігіт қызды жабылып зорлаған.

«Қызды пәтерге алдап кіргізіп, зорлаған. Бұған төзе алмаған ол терезеден секіріп кеткен. Ең сорақысы, бұл қыз – тұл жетім, Павлодардағы жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі. Бізге оның әпкесі шағымданып, жалғыз туысы екенін айтты. Жақында ол кәмелет жасына толды. Қазір зардап шеккен қызға қамқоршысы ретінде рәсімдеуге көмектесу керек», – деп жазды қоғам белсендісі.

Павлодар облыстық Полиция департаментіндегілер кәмелет жасына толмаған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін, күдіктілер ұсталғанын айтты.

«Кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Полиция ҚР ҚК-нің 120-бабының 3-1-бөлігі, 121-бабының 3-1-бөлігі және 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізуде. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу ерекше бақылауда»,-деді департаменттегілер.

Предыдущая запись
Каким будет сентябрь в Казахстане
Следующая запись
Полиция формасын киіп, емін-еркін жүрген жігіт шын полицейлерге ұсталып қалды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню