482
Павлодар облысында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты қазанның 19-ынан 20-сына қараған түні сағат 02.00 шамасында Шарбақты — Успенка автожолында болған.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Audi 80 автокөлігін тізгіндеген 66 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зейнеткер алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Полиция автокөлікті арнайы айып тұраққа қойды. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.