385
Қаржылық мониторинг агенттінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Покер» құмар ойынына арналған астыртын клубты заңсыз ұйымдастыру фактісін анықтады. Қазіргі таңдай аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мекемеде ойыншылар, қызмет көрсетуші персонал, сондай-ақ ойын карталары, фишкалар және ойынның басқа да атрибуттары тәркіленді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де ақпараты ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.