Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті 2 бірдей тұрғын арызданды. Олардың айтуынша, өздерінің танысы «Даму» атты кәсіпкерлікті қолдау орталығынан ақша алып беремін деп, жәбірленушінің біріншісінен 260 000 теңге, екіншісінен 2 950 000 теңгесін алған. «Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Полицейлердің атқарған жедел шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын жас қыз ұсталды. Күдікті алған ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Ол берген уәдесінде тұрмай, не жәбірленушілердің ақшасын қайтармай әуре-сарсаңға салған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады, — деді Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы.