304
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында полиция қызметкері көлігімен адам қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол апаты Б.Момышұлы көшесінде түнгі уақытта орын алған. Ауыр дене жарақаттарынан 1964 жылы дүниеге келген ер кісі оқиға орнында көз жұмды.
Жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде 1992 жылы дүниеге келген полиция қызметкері ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәртіп сақшысы тізгіндеген Hyundai автокөлігі арнайы тұраққа қойылды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.