Психологиялық қолдау көрсететін бірыңғай Call-орталық құрылады

Теги: ,
374

Елімізде медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар үшін бірыңғай Call-орталық құрылады. Орталық тұрғындарға психологиялық қолдау көрсетеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас психиатр-наркологы Қуаныш Алтынбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Маманның пікірінше, бұл орталық барлық медицина ұйымдарын біріктіреді.

«Өкінішке орай «Оңалту бөлімшелері қай жерде жұмыс істейді, көмекті қалай алуға болады, бұл бөлімшелерге қалай баруға болады?» деген сұрақтың жауабын көп халық біле бермейді. Аталған Call-орталық еліміздің барлық психикалық денсаулық орталықтарын біріктіретін болады. Негізі елімізде өңірлік психикалық денсаулық орталықтары бар. Оларда есірткіге тәуелді пациенттерді медициналық-әлеуметтік оңалтудың үш кезеңдік бағдарламасымен емдейтін бөлімшелер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта оларды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр»,- деді ол.

Предыдущая запись
Новорожденного из уличного туалета достали полицейские Алматы
Следующая запись
4 жыл бойы қаражат ұрлап келген пошта қызметкерлері сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню