376
Қайғылы оқиға Жетісу облысында 20 қазан күні кешкі уақытта Кербұлақ ауданы Шаған ауылында орын алған. К-700 тракторын 51 жастағы ауыл тұрғыны тізгіндеп келе жатқан.
ІІМ-нің Telegram-каналының жазуынша, ер кісі Қонаев көшесінде рөлге ие бола алмай, көліктің аударылып кетуіне жол берген. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Аталмыш факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.