Рейске кешіккен жолаушы ұшақта «бомба бар» деп хабарласқан

Теги: ,
406

Астанада әуе рейсіне кешіккен жолаушы ұшақта «жарылғыш зат бар» деп хабарласқан. ІІМ-нің Telegram-каналының жазуынша, полицияға белгісіз ер кісі қоңырау шалған.

«102» операторына белгісіз ер адамнан «Астана – Талдықорған» бағытындағы ұшақта жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келді. Біраз уақыттан кейін ол қайта қоңырау шалып, бұл әзіл екендігін айтқан. Хабарламадан кейін жедел қызмет шұғыл оқиға орнына жетті. Көлік полициясының қызметкерлері қоңырау шалған азаматты анықтады. Ол Астана қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты», — делінген хабарламада.

Ер кісі жауап алу кезінде өз кінәсін мойындаған және мұндай қадамға кешігіп жатқан соң осылайша рейсті созбақ болғанын айтқан.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 273-бабының 1-бөлігі бойынша (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) тіркелген. Ер кісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Предыдущая запись
Вооруженный игрушечным пистолетом карагандинец ограбил игровой клуб
Следующая запись
Түркістандық ата-аналар мектеп асханаларын үйде отырып-ақ бақылай алады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню