Рейсті кешіктіргені үшін екі компанияға 21 млн теңге айыппұл салынды

Теги: ,
276

Азаматтық авиация комитеті рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда. Тамыздың үшінші онкүндігінде «Air Astana» әуекомпаниясына (құрылымдық бөлімшесі «Fly Arystan» әуекомпаниясы болып табылады) қатысты рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 2 000 АЕК (6 126 000 теңге) көлемінде қосымша екі айыппұл салынды.

Ведомство дерегінше, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап «Air Astana» әуекомпаниясына қатысты жалпы сомасы 6 000 АЕК (18 378 000 тг) көлемінде алты айыппұл салынған.

«Ал «SCAT» әуекомпаниясы рейс кідірген кезде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 1 000 АЕК (3 063 000 тг) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен, аталған кезеңде қазақстандық әуекомпаниялар жеті рет 7 000 АЕК (21 441 000 тг) сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде қолданыстағы заңнаманың жолаушылар құқықтарын сақтау бөлігіндегі талаптарын ұстанады. Тасымалдаушылар тарапынан қайталап бұзушылық фактілері анықталған жағдайда шаралар қабылданатын болады» деп атап өтті комитеттегілер.

Предыдущая запись
В Павлодарской области 25-летнего рабочего насмерть придавило плитой
Следующая запись
Мешітке келген ер кісі намаз кезінде ұрлық жасаған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню