392
Кәсіпкер Олеся Пак Украинадағы зауыттан қондырғы сатып алу үшін келіссөз жасадық,- дейді. Бірақ көрші мемлекеттердегі геосаяси жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты өндіріс орны жұмысын уақытша тоқтатқан. Енді кәсіпкер «медициналық мекемеге арналған қыздырушы жабдықты тапсырыс берушіге уақытында жеткізбегенім үшін қаржылық қиындыққа тап боламын ба»,- деп уайымдап отыр. Ол енді «Атамекен» палатасынан форс-можорлық жағдай туралы куәлікті рәсімдемек. Сол ресми құжат арқылы келісім-шарттың мерзімін ұзартуға ұсыныс жасауға болады деген үміті бар.