​Ресейлік нөмірмен жүрген шымкенттік жүргізуші айласын асырамын деп оңбай ұсталды

Теги: ,
348

Шымкентте жалған нөмір таққан көлік жүргізушісі ұсталды. Жедел басқару орталығының қызметкерлері рейд кезінде «Сергек-қорғау» қосымшасының көмегімен жалған мемлекеттік нөмір таққан «ВАЗ-21014» маркалы автокөлікті байқаған. Жүргізушіні тоқтатып, тексеру барысында белгілі болғандай, азамат ресейлік нөмірді қазақстандық нөмірге ауыстырып алған.

«Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жиналған материалдарды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді» делінген қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.

Айта кетейік, қалада «Сергек-қорғау» қосымшасы енгізілген сәттен 123 964 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде 62 жүргізушінің көлігіне жалған нөмір тағып алғаны анықталған.

Предыдущая запись
​Оқу-ағарту министрлігі бірыңғай байланыс орталығын іске қосты
Следующая запись
КАЦмическая музыка: в Алматы впервые выступил гениальный французский дирижер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню