Еңбекші ауданындағы Сайрам шағынауданының тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» жобасына белсенді қатысып өз жобаларын ұсынған болатын. Нәтижесінде биыл 10 үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы құрылады.
Қазіргі сәтте шағынаудандағы №№7,10 көпқабатты үйлердің ауласындағы ойын алаңшасы балалардың игіліген берілген болса, №6,9 үйлердің ауласында жұмыстар жалғасуда. Өндірістік кестеге сәйкес өзге үй аулаларында да жұмыстар басталғалы тұр.
Сайрам шағынауданында көпқабатты 29 үй орналасқан. 2013 жылы шағынаудандағы барлық үй аулаларына абаттандыру жұмысы жүргізілген. Уақыт өте келе балалар ойын алаңшаларының бірқатары көнеріп, қайта құруды қажет еткен.
Қала әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, шағынауданындағы көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату 2022-2025 жылдарға жоспарланып, іс-шара жоспары бекітілген.
Өткен жылы бұқаралық спортты дамыту мен тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануы үшін ықшам ауданда 2 ашық спорт алаңшасы орнатылды.
Шымкентте заманауи балалар ойын алаңдары көбейіп келеді. Дизайндағы түрлі-түсті және ерекше, қауіпсіз материалдан жасалған, олар аула кеңістігін толығымен өзгертеді, ойын алаңын жасайды, қалаға мүлдем басқа көрініс береді. Айта кетейік, 2020 жылдан бастап республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда және Астанада ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан «халықтық қатысу бюджеті» жобасының үлесі жыл сайын артып келеді. «Халықтық қатысу бюджетін» енгізудің басты мақсаты-оны қалыптастыру шеңберінде жергілікті бюджет қаражатын бөлуге халықты тарту.
«Бюджетке қатысу» жобасына қатысуға Шымкент қаласы әкімдігінің сайтында өтінім беруге болады. Сізге ыңғайлы болу үшін сілтемені тіркейміз: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbe…. Онда сіз ережелермен және құжаттар тізімімен таныса аласыз, сондай-ақ іске асырылған жобалардың үлгілерін көре аласыз.