Сарыағаш ауданында мектеп оқушысына сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен күдікті жас жігіт ұсталды. Бұл оқиға туралы оқушы ұлдың анасы полицияға арызданған.
«Жергілікті тұрғынның айтуынша, оның кәмелет жасына толмаған ұлына көрші ауылдың тұрғыны зорлық-зомбылық көрсеткен. Оқиға орнына Сарыағаш аудандық ПБ басшылығы, жедел-тергеу тобы, сондай-ақ прокуратура өкілдері шықты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді» деп атап өтті Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.
Полицейлер жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтап, жас жігітті ұстады. Ол Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау қамауға алынды.
«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары Түркістан облыстық Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында» делінген ведомство мәліметінде.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасындағы оқушы төменгі сыныпта оқитынын айтты.
«Бұл жағдайға байланысты Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі анықтау жұмыстарына бірден кірісті. Оқушы Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде оқитыны белгілі болды. Оның сабаққа бару кестесі 09:00-дан 14:00-ге дейін. Оқиға мектеп қабырғасында немесе сабақ уақытысында болмаған, мектептен тыс уақытта орын алған»,-деді басқармадағылар.
Қазіргі таңда жәбірленуші өзінің тұрғылықты мекен жайында, психологиялық ахуалы тұрақты және мектеп психологтарының бақылауында екен. Айта кетейік, жәбірленуші ұл бала 5-сыныпта оқиды.