369
Полицейлерге Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түскен. Онда шетел азаматын белгісіз біреу ұрып-соғып, жеке куәлігін тартып алғаны көрсетілген.
«Бұл жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын күдікті ұсталды. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын. Қазіргі таңда олқамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Белгілі болғандай, күдікті жас жігіт Өзбекстан азаматынан шекарадан өткізіп беремін деп ақша талап еткен. Алайда шетел азаматы оған қарсылық білдірген. Сол сәтте екеуі сөзге келіп, ер кісі жәбірленушінің жеке куәлігін тартып алып, оны соққыға жыққан.